Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Түркияның Диярбақыр қаласына жақын маңда жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Duvar газеті.

"Автобус жүргізушісі басқаруды игере алмай Диярбақыр-Бисмил тасжолындағы Ювачик ауылының маңында апатқа ұшырады. Жолаушылар көлігі құзға құлаған. Оқиға орнына полиция, жандармерия, денсаулық сақтау қызметкерлері және ТЖМ мен өрт сөндірушілер аттанған", - делінген басылым мақаласында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам зардап шеккен. Кейбір жолаушылар аударылған автобустан өздігінен шыққан.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!