Түркияда жаңа қауіпті тренд: көптеген қонақүй жабылуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Көп ұзамай көптеген түрік қонақүйі жабылып, сала қызметкерлері кәсібін ауыстырады. Туризм сарапшылары Түркия курорттарындағы қауіпті трендке қарап, осындай көңілсіз болжам жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көп ұзамай көптеген түрік қонақүйі жабылып, сала қызметкерлері кәсібін ауыстырады. Туризм сарапшылары Түркия курорттарындағы қауіпті трендке қарап, осындай көңілсіз болжам жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Turizm Ajansı газетінің мәліметінше, Түркияның туризм секторына білікті кадрсыз қалу қаупі төніп тұр. Салдарынан ел үшін маңызды сала құрдымға кетуі мүмкін.

Пандемия бұл тапшылықты бірнеше рет жеделдетті, өйткені тәжірибелі туризм қызметкерлері тұрақты салаларға ауысты.

Реклама
Реклама

"Пандемия аяқталса да, туризмдегі кадрлардың жетіспеушілігі қалады деп айта аламын. Менің ойымша, көптеген қонақүй мен мейрамхана қызметкерлердің жетіспеушілігінен жабылады, ал қонақүйлер мен мейрамханалардың иелері кәсібін ауыстырады. Туризм мамандары демалыс және ойын-сауық секторын жақсы жаққа өзгерткен сияқты, қазір бұл процесс кері бағытта жүреді және дәл сол адамдар жасайды", - деп ескертті Демир.

Қонақүйлер бұдан былай қызмет көрсететін персоналды немесе ас үй қызметкерін таба алмайды. Табылса да, олар ұзақ жұмыс істемейді. Содан кейін жалақысы жоғары басқа жерге ауысады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная