Түркияда Еуроодақтың "денсаулық паспортын" рәсімдеуге болады

Фото: elements.envato.com

Hayat Eve Sığar (HES) түрік мемлекеттік мобильді қосымшасында жаңа қызмет – Еуропалық одақтың талаптарына сәйкес келетін "денсаулық паспорты" пайда болды. Бұл туралы News Turk жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Hayat Eve Sığar (HES) түрік мемлекеттік мобильді қосымшасында жаңа қызмет – Еуропалық одақтың талаптарына сәйкес келетін "денсаулық паспорты" пайда болды. Бұл туралы News Turk жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

COVID-мәртебесі туралы сандық сертификаттар жүйесі саяхатшыларға вакциналау дерегін, коронавирус инфекциясына теріс тест немесе адамның ауырып қалғанын растауға мүмкіндік береді. Осылайша, "денсаулық паспорты" қосымша тексерулерсіз оның әрекетін мойындайтын елдер арасында саяхаттауға мүмкіндік береді. Бірақ ЕО-да мақұлданған дәрі-дәрмектермен вакцинация жасағандар ғана одақ аумағында еркін жүре алады. 

Реклама
Реклама

Тамызда Еуропалық комиссия Түркияны осы жүйеге қосу туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Алайда, ЕО стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін HealthPass қосымшасын жасау үшін біраз уақыт қажет болды. Енді Hayat Eve Sığar-да AB uyumlu Sağlık Pasaportu батырмасы пайда болды, оның көмегімен төлқұжатты рәсімдеу бетіне өтуге болады. TRT мемлекеттік ақпараттық агенттігі егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная