Түркияда енгізілген коменданттық сағат туристерге еш әсер етпейді

© pixabay.com

Президент Режеп Ердоған 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында ковидқа қарсы шараларды кеңейту туралы хабарлады,- деп жазды Daily Sabah. Түркияда бір ай бұрын енгізілген 21:00-ден 05:00-ге дейінгі коменданттық сағат демалыс күндері ғана емес, барлық күндері де өз күшінде болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Режеп Ердоған 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында ковидқа қарсы шараларды кеңейту туралы хабарлады,- деп жазды Daily Sabah. Түркияда бір ай бұрын енгізілген 21:00-ден 05:00-ге дейінгі коменданттық сағат демалыс күндері ғана емес, барлық күндері де өз күшінде болады.

Бұған дейін бақылаушылар коронавирусқа қатысты жағдай жақсармаса, карантиннің ұлғаюына алаңдаушылық білдірген. Бірақ ел басшысы атап өткендей, қазіргі шектеулер аз уақыттың ішінде оң нәтиже беріп, COVID-19 жағдайларының азайып келе жатқандығын айтты.

Реклама
Реклама

Осылайша, Жаңа жылды Ыстамбұлда немесе жағалаудағы демалыс орындарында қарсы алуды жоспарлап отырған туристерге бұл жаңалық қосымша қолайсыздықтар әкелуі екіталай. Негізінен олар өзгерісті байқамайды. Бұрынғыдай шетелдіктер тиісті растайтын құжаттары болған жағдайда коменданттық сағат тәртібін сақтаудан босатылады.

Сондай-ақ курорттық қонақүйлер, кафелер мен мейрамханалар үшін ештеңе өзгермейді. Олар қалыпты режимде қызмет ете береді, ал қонақтар Жаңа жылды қосымша шектеусіз қарсы ала алады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная