© pixabay.com © pixabay.com

Түркияда екі күн бұрын ашылған қонақүй бір заттың кесірінен өртенді


Түркияда ашылғанына екі күн болған қонақүйден өрт шықты. Бұл туралы Түркияның Turizm Haber Merkezi порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қонақүй иесі Альпер Нергиздің (Alper Nergiz) айтуынша, ас үй заттарының бірі - қуаруға арналған құрал істен шығып, өрт содан тұтанған болуы мүмкін. Оның салдарынан қонақүй толығымен өртеніп, жұмысын тоқтатты.

"Біз пандемияға байланысты жабық болдық. Енді ашқан едік. Тек екі күн жұмыс істедік. Осындай жағдайға тап болдық", - деді қонақүй иесі.

Өртенген қонақүй 150 жылдық тарихы бар ағаш үйде орналасқан. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы шақырылды. Сондай-ақ, абырой болғанда көрші қонақүйлер зардап шекпеген.

Оқиға туристер арасында аса танымал емес жергілікті Амасия провинциясында болды. Алайда, Амасьяда шетелдік саяхатшыларды Османлы кезеңіндегі тарихи үйлер қызықтырады. Олар елдің ең үлкен өзендерінің бірінің жағасында орналасқан.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды