Түркия билігі демалыс күндері елдің көптеген аймағында коменданттық сағат енгізу туралы шешім шығарды. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысының қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.
Түркия басшысының айтуынша, соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейбір шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім шығарылған.
Атап айтқанда, сенбі және жексенбіде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда азаматтардың үйден шығуына тыйым салынады. Ол қасиетті Рамазан айында да - 12 сәуірден 12 мамырға дейін де сақталады. Бұдан басқа жалпыұлттық коменданттық сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. Түнгі уақытта мейрамханалар мен кафелер тек тамақты клиенттің өзі алып кету қызметі арқылы жұмыс істей алады. Қалған уақытта тамақтану орнының максималды жүктемесі 50%-дан аспауы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!