Түркияда демалу бағасы бір жылда адам айтқысыз шарықтап кеткен

Түркиядағы тұтынушылық инфляция бойынша мәліметтер жаңартылды. Ол саяхатшылар үшін де, тіпті жергілікті турбизнес үшін де шок болып отыр: былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда қонақүйлер бірден 66.41 пайыз қымбаттапты. Мұндай деректерді Түркияның статистика институты (TÜIK) жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Дерек бойынша, қонақүйлердің қымбатшылығы екінші орында, бірінші орында медицина екен. Ал бұл сала туристер үшін де, жергілікті халық үйшін де маңызды. Бұл салада баға былтырғы жылмен салыстырғанда 66.62 пайыз өскен.

Ал жалпы бағаларды алсақ, республикадағы инфляция сәуір айында 2.39 пайыз құрапты. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 15.21 пайыз, ал желтоқсан айымен салыстырғанда 43.68 пайыз болған. Жалпы 12 айда 67.20 пайыз болған екен. Алайда ENAG жағдайды басқаша бағалап отыр. Олардың пікірінше, республикада сәуір айныдағы инфляция 4.86 пайыз, ал кейінгі 12 айда рекордты 105.16 пайызға дейін жеткен.

Мысал үшін наурыз айымен салыстырғанда баға ең көп өскен салалар:

  • байланыс - өсім 5.93 пайыз
  • мейрамханалар мен қонақүйлер - 4.24 пайыз
  • азық-түлік пен алкоголсіз ішімдіктер - 3.95 пайыз

Ал егер бағаны былтырғымен салыстырсақ, мейрамхана мен қонақүйлер бағасы 66.41 пайыз дейін шарықтап кеткен, ал азық-түлік пен алкоголсіз ішімдіктер 53.92 пайызға көтерілген.

Өкінішке қарай, Түркиядағы инфляция бұл едің туризіміндегі ең басты бәскелестік - арзан бағаны ұстау мүмкіндігін құртты. Осылайша, елдегі турбизнес Түркия енді ТМД елдері ғана емес, еуропалық туристерге де қызықсыз болып отырғанын мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!