Түркияда "бәрі қосылған" жүйесіндегі өзгерістер туралы айтылды

Фото: pixabay.com

Бодрум (Түркия) қаласының мэрі Ахмет Арастың айтуынша, қонақүйлердегі "бәрі қосылған" жүйесі коронавирус пандемиясынан кейін де жалғасуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бодрум (Түркия) қаласының мэрі Ахмет Арастың айтуынша, қонақүйлердегі "бәрі қосылған" жүйесі коронавирус пандемиясынан кейін де жалғасуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ол қонақүйдегі жаңа ереже туралы - демалушыларға даяшылардың тамақ салып беретініне тоқталды. Бұрын қонақтар қалаған тамағын өздері салып алатын. Қазір карантинге байланысты мұндай қызмет өзгертілді. Енді оны қонақүй қызметкерлері орындайды.

"Менің ойымша, жүйе бұдан әрі де осындай қағида бойынша жұмыс істейтін болады", - деді Арас.

Реклама
Реклама

Ол бұл қонақүй қызметкерлері үшін қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін, бірақ гигиена мен қызмет көрсету сапасы жағынан оның артықшылықтары бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ аймақ басшысы қазір қалада туризм қауіпсіз екенін, қонақүйлердің 90 пайызға жуығы тексеріліп, қауіпсіздік сертификаттарын алғанын айтты.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная