Түркияда "бәрі қарастырылған" жүйесінің жағдайы қалай болмақ?

Түркияның туроператорлар Одағының басшысы Фируз Баглыкайя коронавирус пандемиясы басталғалы өзгеріске ұшыраған "бәрі қарастырылған" жүйесінің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Известия" басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік ара қашықтық мәселесі ескеріліп, шектеулер енгізілген болатын. Ендігіде қонақүй аумағындағы мейрамханалар 10:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта ғана ашық, қалған уақытта тек номерге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, туристерге швед үстелінен тағам алуға тыйым салынған, бұл қызметті арнайы аспаз атқарады, ол әр қонаққа тағамдарды салып береді. Балкыгайяның айтуынша, бұл өзгерістер қызмет көрсету сапасына еш әсер етпеген. Ол мұның тазалық ережесіне сәйкес жүзеге асырылатынын айтты. 


© Shutterstock

Сонымен қатар, маман осы all inclusive концепциясы Түркияға әлемдік туризмде абыройлы бәсекелес болуға мүмкіндік беретінін жасырмады. Сол себепті "бәрі қарастырылған" жүйесінде жаңа өзгерістер бола қоймасына кәміл сенеді. 

"Егер пандемиямен күрес табысты аяқталса, онда "бәрі қарастырылған" жүйесі өз қалпына қайтып келеді. Алайда пандемияға байланысты қауіп сақталуына орай, 2021 жылы биыл қабылданған шаралар өз күшінде қалады", - деп түйіндеді ол. 

Фото©Shutterstock

Осыған дейін, Kaz.tengritravel.kz Жаңа жылда Түркияның тау шаңғысы курорттары қалай жұмыс істейтіні туралы жазған еді. Төрт тау шаңғысы курорты - Эрджиес, Паландокен, Улудаг және Карталкая - 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында толыққанды жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Қазір Паландокен және Эрджиес курорттарында шаңғы маусымы ашылды. Соңғы бірнеше күнде екі курортта да аздаған қар түскен, сонымен қатар жасанды қар құрылғылары да белсенді жұмыс істеп тұр. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.