Түркияда автобус аударылып, турист қаза тапты

Туристік миниавтобус Фетхие курортына барар жолда апатқа ұшырады. Бір адам қайтыс болды, тағы тоғыз турист әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Апаттың мән-жайын жергілікті БАҚ жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Апат кеше кешке Күчүклы ауданында Коркутели (Анталия провинциясы) – Фетхие (Мугла провинциясы) тас жолында болды. Туристер отырған автобус Анталиядан Фетхие бағытымен келе жатқан. Жүргізуші көлікті айдай алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Салдарынан жүргізуші әйел көз жұмып, 8 турист жарақат алды. Зардап шеккендердің ішінде Ливияның төрт азаматы және Түркияның төрт азаматы бар.

Апаттан кейін оқиға орнына медициналық құтқару бригадалары жіберілді. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Олардың жарақаты өміріне қауіпті емес екені белгілі болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!