©REUTERS

Түркияда COVID-19 жұқтырғандар саны артты


Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 26099 жаңа жағдай тіркелді, бұл 24 қарашадан бастап рекордтық деңгейдегі көрсеткіш болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Министрдің мәліметінше, кейінгі тәулікте 362 535 тест жасалып, 26 099 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болған, сондай-ақ, 157 адам қайтыс болған. Саясаткер жұқтырғандар санының артуы жаңа омикрон штамының таралуымен байланысты деп санайды.

Омикрон басқа нұсқаларға қарағанда тез таралады. Елімізде саны артуы мүмкін", - деп мәлімдеді Коджа.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды