Түркияның Манавгат курортындағы Ченгер ауылында орналасқан бес жұлдызды қонақүйдің иесі шетелдік туристермен төбелесті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, төбелесті полиция қызметкерлері ажыратқан және екі тарап та полицияға арыз берген.
Haberglobal.com.tr мәліметінше, туристер саны аз болмаған, олардың тобында 60-қа жуық адам болған. Төбелестің неден шыққаны да түсініксіз - келушілер қонақүйге жайғасқаннан кейін бассейнге не теңізде шомылудың орнына телефонға түсіріп тұрған. Туристерге қонақүйде бірдеңе жақпағаны анық, сол себепті олар соны видеоға түсіріп тұрған.
Туристердің бұл әрекеті қонақүй иесіне жақпай қалған. Осылайша жанжал шығып, төбелес басталған. Келушілер қонақүй мейрамханасының үстелдерін төңкеріп, лақтыра бастаған.
Қонақүй иесі өзіне шабуыл жасалғанын айтып, дереу полиция шақырған. Оқиға орнына жеткен Ченгера жандармериясының өкілдері төбелесті тоқтатып, екі тараптан түсініктеме алған. Келушілер осы кезде өз арыздарын қайтарып алу үшін қонақүй иесінен 7 000 еуро талап еткен.