Түркияның Сиде курортында таңертең қонақүйде өрт болды. Зардап шеккендер жоқ, бірақ туристер қоныс аударуы керек. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдай Pemar Beach 5* қонақүйінде болды, - деп хабарлайды Тourprom сайты.
Туристер әлеуметтік желілерде өрт таңғы сағат 4-те басталғанын жазды. Жарияланған суреттерге сүйенсек, өрт қонақүйдің техникалық бөлігінде, аулада болған. Қонақүйдегі туристердің ешқайсы зардап шеккен жоқ.
Алайда эвакуация қажет болды. Туристердің басқа қонақүйлерге көшетіні айтылды.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бір нұсқасы - қысқа тұйықталу сияқты техникалық мәселелер. Бірақ қасақана жасалған болуы мүмкін деген болжам да бар.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!