@Shutterstock @Shutterstock

Түркияда 2022 жылы демалыс қымбаттай ма?


2022 жылдың жазғы маусымында Түркиядағы демалыс бағасы қандай болатыны туралы түрік қонақүйлері осы жылдың соңына дейін жариялайды. Сауалнамаға қатысқан қонақүйлердің алдын ала мәліметтері бойынша бағалар 2021 жылдың деңгейінде қалады немесе 10 пайызға (евромен) көтеріледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вестник АТОР сайтына сілтеме жасап.

Түркияда салық көлемі ұлғайды. Сондықтан бұл демалыстың қымбаттауына әсер етуі мүмкін. 2021 жылдың қыркүйегінің басында елдің қаржы министрлігі орналастыру, тамақтану, мәдениет және демалыс қызметтерін ұсынатын ұйымдарды қолдау үшін тағы да 8 пайыз ҚҚС белгіледі. Ал, 2020 жылы және 2021 жылдың жазында қонақүйлер үшін бұл төлем төмендетілген болатын.

Сонымен қатар, 2022 жылы қонақүйлерден 2 пайыз мөлшерінде жаңа тұру салығын алу жоспарланған. Оны енгізу 2020 жылы тоқтатылды. 2022 жылға арналған туроператорлар мен қонақүй келісімшарттары осы 2 пайызды ескере отырып жасалды.

Қазақстандықтар үшін Түркиядағы демалыс бағаларына ақша бағамның ауытқуы да әсер етуі мүмкін.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.





Осыған ұқсас мақалалар

Халықаралық шенеуніктер туристер үшін әдемі ауылдардың рейтингін жасады Халықаралық шенеуніктер туристер үшін әдемі ауылдардың рейтингін жасады
Жұмақ аралы "омикронның" салдарынан қайта жабылды Жұмақ аралы "омикронның" салдарынан қайта жабылды
Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты