Түркияда 2021 жылдың жазғы маусымы қашан басталатыны белгілі болды

© pixabay.com

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой демалыс туралы сөз қозғағанда жергілікті БАҚ өкілдеріне 2021 жылдың жазғы маусымы қашан басталатын, қанша туристің қай елдерден келетіні туралы болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап. Сондай-ақ, ол жақын маңдағы еуропалық бәсекелестерін атады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой демалыс туралы сөз қозғағанда жергілікті БАҚ өкілдеріне 2021 жылдың жазғы маусымы қашан басталатын, қанша туристің қай елдерден келетіні туралы болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап. Сондай-ақ, ол жақын маңдағы еуропалық бәсекелестерін атады. 

Ол 2021-маусымы 2020-маусымға қарағанда жақсы болады деп үміттенеді. Бұған Еуропада басталып кеткен COVID-19 вакцинациясы әсер етуі мүмкін екен. 

Реклама
Реклама

Министрдің ойынша, сәуірге дейін вакцинация процесі "нақты бір межеге жетеді". Осының арқасында адамдар Түркияға толық сеніммен сапарлай алады. Осы уақытқа дейін елдегі жағдай да тұрақталуы керек. Мехмет Нури Эрсойдың болжамына сәйкес, COVID-19 жұқтыру көрсеткіші күніне 2500 адамнан аспайтын болса, Түркия "қызыл аймақтан" шығады. Мұндай жағдайда қайта қалпына келтіру және Еуропа елдерінен Түркияның қалаларына әуебайланысты кеңейтуге болады. Қаңтарда Түркияда күніне 9-13 мыңнан аса адамнан коронавирус жұқтыру деректері анықталып жатыр. 

"Біз 2021 жылдың туристік маусымын сәуірде бастауға ұмтыламыз", - деді министр Түркиядағы демалыс туралы. Эрсойдың ойынша, ерте бастау арқылы Түркия 2020 жылғы шығындарды өтей алады. 

Шетелдік туристер жайлы айтар болсақ, Туркияның қонақүй иелері федерациясының (TUROFED) бағасына сәйкес, 2021 жылы Түркияға 25-30 миллион халықаралық турист келуі мүмкін. Түркияның туристік агенттіктер ассоциациясының төрағасы (TURSAB) Фируз Балыкаяның айтуынша, 2021 жылы туризм саласы бәсекелестіктің жоғары деңгейіне тап болады екен. 2021-маусымда негізгі бәсекелестер - Испания мен Грекия болмақ. Жаңа жылда туристер көбінесе шағын қонақүйлерді таңдау тенденциясын жалғастыратын секілді. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная