Түркияда 1 шілдеден бастап комендант сағаты тоқтатылады

Фото: pixabay.com

Түркия президенті Режеп Ердоған негізінен жергілікті тұрғындар үшін жұмыс істейтін антиковид шараларын жеңілдетудің тағы бір кезеңін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Режеп Ердоған негізінен жергілікті тұрғындар үшін жұмыс істейтін антиковид шараларын жеңілдетудің тағы бір кезеңін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Шілде айынан бастап комендант сағаты толығымен жойылады. 1 шілдеге дейін жергілікті тұрғындарға сағат 22.00-ден таңғы 5-ке дейін, ал жексенбі күндері тәулік ішінде жүріп-тұруына тыйым күшінде қалады. Бұл шектеулер туристерге әсер етпейді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап барлық адам үшін қалааралық сапарларға және қоғамдық көлікте жүруге шектеулер алынып тасталады.

Еске салайық, сәуірде эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Түркияда енгізілген қатаң шектеулерден кейін жаздың бірінші күнінен бастап дәмханалар мен мейрамханалар ашылды. Сонымен қатар, комендант сағаты толығымен жойылғанға дейін олар тек 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная