Түркия туристік маусымды ұзартқалы отыр

© pixabay.com/sofdoug

Түркияда туристік маусым ұзартылмақ, бұл елге Германия мен Ресейден келіп демалушылар саны өте көп болып отыр, - деп жазады Anadolu мемлекеттік агенттігі Түркияның Қонақүйлер федерациясының (TÜROFED) президенті Мехмет Ишлерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда туристік маусым ұзартылмақ, бұл елге Германия мен Ресейден келіп демалушылар саны өте көп болып отыр, - деп жазады Anadolu мемлекеттік агенттігі Түркияның Қонақүйлер федерациясының (TÜROFED) президенті Мехмет Ишлерге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, тамыздан бастап елдің туристік секторы күтілген көрсеткішке жете бастаған. Ишлер енді 2023 жылы елге 60 миллион турист келтіру мақсаты іске асады деген сенімде.

Реклама
Реклама

"Еліміз басынан қиын күндерді өткергеннен кейін брондау ағымы өте баяулап кетті. Ал шілдеден кейін Түркияның туризмі күтілген нәтижеге жете бастады. Бірінші кезекте ол тамыз, қыркүйек және қазан айларына брондауға байланысты. Ал енді ауа райының қолайлығына байланысты маусым ұзара түседі деп отырмыз", - дейді ол.

Ишлер туризм секторы Түркияның оңтүстік-шығысында ақпан айында болған жер сілкінісі салдарынан қатыт зардап шеккенін атап өтті. Оның сөзінше, Түркия әлі де Германия мен Ресей туристері үшін әйгілі демалыс орны болып қала беруде.

"Бұрындары біздің мақсатты нарығымыз болмаған елдердегі дамуды байқап отырмыз. Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Қытайда белсенділік басталды. Латынамерикалық және америкалық нарықтан туристік ағым қалыптасып жатқанын көріп отырмыз. Биылдыққа әлі көш басында әдеттегідей Германия мен Ресей", - дейді Ишлер.

Оның сөзінше, 20230 жылы Түркия туристер ағымын жылына 100 миллион адамға дейін жеткізбек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная