Түркия туристердің бір санаты үшін ПТР-тестін алып тастады

Түркияның азаматтық авиация басқармасы туристердің бір санаты үшін коронавирусқа міндетті тестілеуді тоқтатты. Бұл туралы Bianet басылымы жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа бекітілген ережеге сәйкес, 12 жасқа толмаған саяхатшылар Түркияға бару үшін ПТР-тестінің нәтижелерін ұсынуға міндетті емес. Бұрын тек алты жасқа дейінгі балаларға анықтамасыз кіруге рұқсат етілген.

Бұл ретте республикаға келген күні 12 жасқа толған бала екі құжаттың бірін: келгенге дейін 48 сағат бұрын жасалған антигендерге экспресс-тест нәтижесі бар анықтаманы немесе келгенге дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестін алып жүруі керек.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!