Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты - БАҚ

Түркия коронавирусқа теріс сынақ туралы анықтаманың болуы туралы талапты ұзартты. Мұндай ақпаратты 24 ақпанда Түркияның ұлттық тасымалдаушысы Turkish Airlines өз серіктестеріне жіберген хатта жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап. 

Әуекомпания мәліметінше, 2021 жылы 31 наурызға дейін Түркия билігі ПТР-тест анықтамасын талап етуді қысқартуды жоспарлап отыр екен. Алайда осыған дейін бұл анықтама 1 наурыздан бастап алынып тасталады делінген. 

"Түркияның денсаулық сақтау министрлігі Түркияға келетін алты жастан асқан жолаушыларға NegativeSARS-Cov-2 PCR анықтама-тестін талап ету мерзімін 2021 жылдың 31 наурызына дейін созғанын хабарлаймыз", - делінген Turkish Airlines әуекомпаниясының хабарламасында. 

Хабарламаға сәйкес, анықтама қағаз күйінде және электронды түрде болуы мүмкін. Ал ПТР-тест тапсыру мерзімі ұшуға дейін 72 сағаттан аспауы тиіс. Анықтама болмаған жағдайда жолаушылар әуежайдың ұшу аумағынан бортқа жіберілмейді. Алты жасқа дейінгі балаларға, транзитті және трансермен ұшатын жолаушыларға анықтама қажет емес. 

Түркия қазақстандық туристер үшін былтыр маусымнан бастап ашылды. Ыстамбұлға рейстер Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан, Шымкенттен, сондай-ақ, 24 ақпаннан бастап Түркістаннан орындалалады.