Түркия тоғыз елдің елшілерін шақырды

Түркия Стамбулдағы бірқатар еуропалық консулдықтарды уақытша жапқаннан кейін тоғыз елдің елшілерін шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Түркия Сыртқы істер министрлігіне Германия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Нидерланды, Швейцария, Швеция және АҚШ елшілері шақырылған.

Германия 1 ақпанда кейбір Еуропа елдерінде Құран өртеген оқиғалардан кейін лаңкестік әрекеттер қаупі артқанын айтып, Ыстамбұлдағы консулдығын жапқан. Тағы алты ел сақтық шарасы ретінде дәл осындай қадамға барған болатын.

Реклама
Реклама

АҚШ консулдығы ашық, қалыпты жұмыс істеп тұр, өйткені кешен Ыстамбұлдың орталығында орналаспаған және осал емес нысан болып саналады. Дегенмен, Вашингтон азаматтарға сергек болуға және туристік нүктелерден аулақ болуға кеңес беретін басқа елдердің үкіметтеріне қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!