Түркия наурыздан бастап коронавирусқа байланысты шектеуді біртіндеп жеңілдетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркияда енгізілген шектеулер наурыздан бастап жергілікті эпиджағдайға қарай біртіндеп жеңілдей бастайды. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоған айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда енгізілген шектеулер наурыздан бастап жергілікті эпиджағдайға қарай біртіндеп жеңілдей бастайды. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоған айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бүгінде Түркияда жұмыс күндері және жұма мен дүйсенбі аралығында 21.00-ден 5.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Одан бөлек, Түркияда маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі бар. Мейрамхана, кафе, түнгі клубтар мен басқа да көңіл көтеруге арналған мекемелер жабық, қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді. 

"Коронавируспен күрес динамикасы мен біздің жұмысты ескере отырып, наурыздан бастап шектеуді біртіндеп жеңілдетуді бастаймыз. Біз өңірлерді төрт санатқа бөлдік. Осы топтар бойынша жеке-жеке шешім шығарылады", - деді Ердоған. 

Сонымен қатар, ел президенті алдағы күндері мейрамхана, кафе және басқа да мекемелерді ашуға арналған жол картасы қабылданатынын айтты. 

Оның сөзінше, Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина 5,5 миллион адамға салынған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная