Түркия министрінің шешімі туристерге қалай әсер етеді?

© pixabay.com

Түркияда қонақүйде тұру және музейді аралау құны көтерілді. Түркияның туризм және мәдениет министрінің шешімімен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап музейге және археологиялық ескерткіштерге кіру құны 13-тен 30 пайызға өседі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда қонақүйде тұру және музейді аралау құны көтерілді. Түркияның туризм және мәдениет министрінің шешімімен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап музейге және археологиялық ескерткіштерге кіру құны 13-тен 30 пайызға өседі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.  

Ресейдің Туроператорлар ассоциациясының мәліметінше, соңғы екі жылда баға үшінші рет көтерілген екен. 2018 жылы қазанда баға 50 пайызға көтерілген, 2019 жылы - 20 пайызға, ал 2020 жылы наурызда тағы 40 пайызға өсті. 

Реклама
Реклама

Ыстамбұлдағы бағаның тағы бір көтерілуінен кейін қалалық археологиялық мұражай мен түрік және ислам өнері мұражайына кіру 60 лира (3 239 теңге), ал Галата мұнарасына билет 30 пайызға, 25 лираға дейін (1 350 теңге) қымбаттайды. Гомердің өлеңдерінде сипатталған Троя цитаделінің қалдықтарын 60 лираға (3 239 теңге) көруге болады. "Мақта сарайы" деп аталатын Памуккалеге кіру билеті жылу бассейндері мен мұражайларымен шамамен 5000 теңге (110 лира) тұрады. Сол сомаға Кападокиядағы әйгілі Гереме паркіне баруға болады.

Сондай-ақ, Turizmdatabank түрік сараптамалық агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың қараша айында Түркияның қонақүйлерінде бір түн түнеу құны 8,69 пайызға өсті. Қазан айында қонақүйлердегі қызмет бағасы 10 пайызға көтерілді. Айта кетейік, бұл жерде тұтыну бағалары туралы айтылып отыр, яғни қонақүйлердің түпкілікті тұтынушыға ұсынатын тарифтері туралы айтылған және мұнда туристік пакеттердің бағасына енгізілген туроператорлық тарифтер ескерілмейді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл коронавирус пандемиясына байланысты инфляция мен қонақүйлердегі жүктеме деңгейіне байланысты екен.

4 желтоқсанда Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Түркияға тұрақты рейстерді аптасына 20-дан 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Шешім 10 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная