Фото: pixabay.com

Түркия медицина туризмін дамытуға ниетті


Түркияның сауықтыру туризмі қауымдастығының (TÜSATDER) басшысы Сервет Терзилер мемлекеттің шетелдіктерге медициналық қызмет көрсету саласында көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар деп мәлімдеді. Бұл туралы Turizm Aktuel сайты жазады.

Оның айтуынша, табысқа жетудің кілті - қолайлы баға мен жоғары сапа. Еуропада "жақсы" маманның шаш трансплантациясы 15 мың еуро, АҚШ-та 12 мың доллар, Жапонияда 30 мың доллар, Түркияда 2,5 мың еуро тұрады. Сонымен қатар, бұл сомаға қонақүй мен трансфер кіреді.

Ең танымал процедуралар - шаш трансплантациясы және эстетикалық операциялар. Сервет Терзилер Түркиядағы ерлердің 65 пайызында шаш проблемасы барын атап өтті. Сондықтан клиникалардың тәжірибесі жақсы.

Түркия статистика институтының (TUIK) мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылы туристердің сауықтыру шығындары 1,048 миллиард долларды құрады. Биыл қауымдастықтың болжамы бойынша бұл көрсеткіш екі есеге артуы мүмкін. Демалушылардың спа қызметтерін пайдаланатынын ескере отырып, елдің сауықтыру туризмінен түсетін кірісі үш миллиард доллардан асуы ықтимал.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды
Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты
Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті