Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бір апта бұрын 13,5 мыңнан аса коронавирус жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Үкіметтің осы айдың соңына қарай жаңа науқастар санын 5 мыңға дейін төмендету жоспары орындалуы мүмкін, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.
Түркияда 17 мамырдан бастап ашық алаңы бар дәмханалар мен мейрамханалар ашылады. Бұрын ашық алаңы болмаған мекемелерге үкімет мұндай жерлерді ұйымдастыруды ұсынады. Сол күннен бастап сауда орталықтары, спорт залдары мен шаштараздар жұмыс істей бастайды. Коменданттық сағат (ол туристерге қолданылмайды) сағат 21.00-ден таңғы 5-ке дейін күшінде қалады.
1 маусымнан бастап антиковидтік жеңілдіктердің екінші кезеңі басталады: жексенбіде коменданттық сағат тоқтатылады, ал қалған күндері қысқарады (кешкі сағат 22:45-тен таңғы 5-ке дейін). Үшінші кезеңде шілденің ортасына қарай шектеулерді жеңілдету жоспарланған. Ол кезде коменданттық сағат одан да қысқа болады (сағат 23:45-тен немесе тіпті 00:00-ден).
Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.