Түркия қонақүйлеріне туристерге ақша ауыстыруға тыйым салынды

Ыстамбұл, Түркия. Фото: pixabay.com

Түркияның қазынашылық және қаржы министрлігі қонақүйлерге валюта айырбастау операцияларын жүргізуге тыйым салды. Бұл туралы Business Turkey Today хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның қазынашылық және қаржы министрлігі қонақүйлерге валюта айырбастау операцияларын жүргізуге тыйым салды. Бұл туралы Business Turkey Today хабарлады.

Ведомство барлық қонақүйге тыйым салу туралы жазбаша хабарлама таратқан. Құжатта бұл шешім кейбір қонақүйдің валюта айырбастау пункттері ретінде жұмыс істей бастауымен байланысты екені түсіндірілді.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, кейбір қонақүй қабылданған шараларға наразы болып, оларды жүзеге асыру мүмкіндігін екіталай деп бағалады.

Nirvana Hotels өкілдері TourDom.ru порталына сұхбат бергенде үкіметтің өкімі туралы әлі естімегенін және туристерге ішкі бағам бойынша ақша қаражатын айырбастауды жалғастырып жатқанын айтқан.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная