Түркия қонақүйлерінде бір жыл ішінде демалыс қалай қымбаттады

Түрік статистикалық институты (TUIK) қыркүйек айындағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады. Деректерге сәйкес, бір жыл ішінде инфляция 83,45 пайызға өсті, бұл елдегі қызметтердің құнына да әсер етті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, жалпы алғанда, қыркүйекте инфляция өткен айға қарағанда 3,08 пайызға және жыл басына қарағанда 52,4 пайызға өсті. Атап айтқанда, Түркияда жылжымайтын мүлікті жалға алу бір айда шамамен 10 пайыз қымбаттады. Егер 2022 жылдың үш тоқсанын алсақ, онда өсім 85 пайызды құрады. Қоғамдық көліктердегі билеттер қаңтар айынан бастап 117 пайызға өсті. Азық-түлік 93 пайыз, үй тауарлары 90 пайызға қымбаттады.

Түркиядағы қонақүйлердің орташа бағасына келетін болсақ, жыл басындағы бағамен салыстырғанда тұрудың орташа құны 55 пайызға, ал 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 81,3 пайызға көтерілді.

tourdom.ru мәліметінше, Түркиядағы пәтерлер мен виллаларды жалға алу бағасының өсуі туралы республиканың курорттарында орналасқан туристер де мәлімдеген. Олардың айтуынша, қазір тұрғын үйді жалға алу үшін "керемет ақша" сұралуда. Құнға инфляция ғана емес, сонымен қатар ресейліктердің жоғары сұранысы да әсер еткен. Ресей Федерациясының көптеген азаматы ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Түркияда демалысқа келіп қоймай, ұзақ уақыт тұруға шешім қабылдады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!