Түркия қонақүйлердегі жаңажылдық бағдарламаларға тыйым салды

Түркияда қонақүйлердегі жаңажылдық көңіл көтеру бағдарламаларына тыйым салынды. Түркияның Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында Жаңа жылда қонақүйдегі туристерге арналған шектеулер туралы жаңа қаулы жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "АТОР" басылымына сілтеме жасап.

Ведомстводағылар жаңажылдық ойын-сауық бағдарламаларына тыйым салынғанын тағы бір рет еске салды. 2020 жылы 21 желтоқсанда жарияланған қаулыда мына нәрселерге тыйым салынған:

- Жаңа жылды қонақүйлерде және қонақүйге қарасты мейрамханаларда (кеш ұйымдастыруға, жүргізушінің және музыканттардың қатысуымен өтетін көңіл көтеру бағдарламаларына, шоулар, гала-кешкі астар және басқаларына) мерекелеуге;

- Жаңа жылды ойын-сауық ұйымдастырып, қонақүйде өткізуге шақырулар мен жарнамаларға және басқасына;

- музыка мен би ұйымдастырылатын кез келген ойын-сауық бағдарламаларына (күндізгі сағат 22.00-ге дейін), 22.00-ден кейін қонақүйлерде тіпті жазба түрінде де музыка қоюға болмайды;

- қонақүйлерде және қонақүй мейрамханаларында адамдардың жиналуына.

Осы талаптар бұзылған жағдайда қонақүй әкімшілігі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, ІІМ Түркиядағы коменданттық сағат 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 4  қаңтарына дейін 21.00-ден 05.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске салды.

Мысыр курорттарында жаңажылдық сауық кештеріне тыйым салынды

Еске салайық, қазақстандықтар Түркияға Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттен тікелей ұшу мүмкіндігі бар. Кетер алдында және қайтар кезде ПТР-тест тапсыру қажет. Барлық жолаушылар ұшу кезінде термометриядан өтуі керек. Дене қызуы көтерілген немесе басқа белгілері бар адамдар тексеріледі. ПТР-тестінің оң нәтижелері бар жолаушылар ауруханаға жатқызылады. Дені сау жолаушылар келген кезде карантинді сақтаудың қажеті жоқ.