Мармаристегі Турунч шығанағы, Түркия. Фото @Shutterstock Мармаристегі Турунч шығанағы, Түркия. Фото @Shutterstock

Түркия жағажай маусымының қашан аяқталатынын жариялады


Түркия билігі ел курорттарындағы жағажай маусымы 2020 жылға қарағанда кештеу аяқталады деп мәлімдеді. Оның аяқталу күнін Анталия туризм инвесторлары қауымдастығының (TISOYAB) президенті Хусейн Айдоган атады. Бұл туралы Türkiye Turizm газеті жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Біздің аймақтағы туристік маусым бір айдан кейін - 10-15 қараша аралығында жабылады", - деді ол.

Сондай-ақ, Хусейн Айдоган қонақүйлердің шамамен 80 пайызы жабық болады, қалған 20 пайызы қыста демалушыларға қызмет көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Сарапшы коронавирус шектеулеріне байланысты республикада жағажай маусымы әдеттегіден кеш басталғанын - мамыр айының басынан емес, 22 маусымнан басталғанын еске салды. Осыған байланысты жағажай демалысы кезеңін ұзарту туралы шешім шығарылған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды