Түркия, Грекия және Мальдив аралдары: әуебилетті қай айда сатып алған дұрыс?

Ұлыбританиялық Destination 2 туристік компаниясының сарапшылары 2023 жылы әлем бойынша ең тиімді ұшу қай айда болатынын анықтады, - деп хабарлайды Mirror.

Саяхат мамандары 2023 жылы демалуға арналған үздік орындар мен қай айда брондау тиімді болатынын тізіп жазған. Осылайша, Түркия, Грекия, Хорватия, Мальта, Кипр және Исландия сынды елдерге наурыз айында ұшсаңыз билеттері арзан боп келеді екен.

Ақпан айында Мальдив аралдарына, Барбадос және Маврикиге арзан бағаға ұшуға болады.

Реклама
Реклама

Ryanair әуекомпаниясының бас директоры Майкл О'Лири жазда әуебилет бағасы қымбаттайтынын айтқан еді.