Түркия елге кіру ережесін өзгертті

15 наурыздан бастап Түркияға бару үшін шетелдіктер арнайы электрон сауалнаманы толтыруы керек, - деп хабарлайды Life.ru.

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Түркияға ұшатын барлық рейсте коронавирусты бақылауға арналған қағаз сауалнама толтыру талабынан бас тартады. Елге тек транзитпен барған қонақтар ғана сауалнаманы ұшақ бортында толтыруы керек, дейді авиакомпания өкілдері.

Жаңа ережеге сәйкес, елге келген жолаушылар (оның ішінде Түркия азаматтары да) сапардан 72 сағат бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы сауалнаманы толтыруы керек. Кейін құжатты басып шығарып, кез келген электрон құрылғыға жүктеуі қажет. Сауалнаманы ұшар кезде әуежайда әуекомпания қызметкеріне көрсету керек.

Сонымен қатар, түркиялық ведомствоның сайтына тіркелу кезінде жүйе қосулы тұрған ұялы телефонды көрсетуді талап етеді екен. Бағдарлама туриске елде жүруге, қонақүйге орналасуға және түрлі нысан мен іс-шараға баруға қажет бірегей HES-код береді.

Еске салайық, қазір қазақстандықтар Германия, Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстанға ұшып бара алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!