Түркияда президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыты бойынша сағат 8-де, яғни дәл осы сәттерде ашылды.
Ел азаматтары 3 үміткердің бірін таңдауға тиіс. Олар: қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған, оппозиция көшбасшысы Кемал Қылышдароғлы және 55 жастағы Синан Оған. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, басты саяси тартыс бастапқы екеудің арасында болады.
Бүгін елде президенттікпен бірге парламент сайлауы да өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері Анкара уақыты бойынша кешкі сағат 17:00-де жабылады. Түркия заңнамасы бойынша, кешкі сағат 21:00-ге дейін сайлауға қатысты қандай да бір нәтижені хабарлауға тыйым салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!