Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркия екі елмен әуе қатынасын жаңартты


Түрік ұлттық әуе тасымалдаушысының басқарма төрағасы Билал Экши екі елмен: Ұлыбритания және Даниямен әуе қатынасы қайта ашылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

"Біздің биліктің қабылдаған шешіміне сәйкес, Ұлыбритания мен Даниядан келетін жолаушылардың ұшқанға дейін 72 сағат бұрын жасаған ПТР-тестінің нәтижесі теріс болса, Түркияға ұшуға рұқсат етіледі", - деп жазды ол.

Түркия бұл елдермен әуе қатынасын 2020 жылғы желтоқсанның соңында тоқтатқан болатын. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және Оңтүстік Африкада коронавирус мутациясының анықталуына байланысты рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды