Түркия Айға ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отыр

Түркия президенті Реджеп Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесер рәсімінде оның елі 2023 жылдың соңына дейін Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Ердоғанның сөзінше, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Одан бөлек, президенттің айтуынша, Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. 

"Елді жаһандық ғарыштық жарыстың жоғарғы лигасына шығаратын Ұлттық ғарыштық бағдарламаның жол картасы сәтті жүзеге асырылады", - деді президент. 

Реджеп Тайип Ердоған соңғы 18 жылда Түркия спутниктермен, ғарышпен, ұшыру жүйелерімен және ғарыш жабдықтарымен байланысты 56 жобаға 2,1 миллиард лир (125 миллиард теңге) бөлгенін айтты. 

"Түркия Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында ғарыш метеорологиясына инвестиция салу арқылы ғарыштағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ниетті", - деді ел басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!