Түркияда "барлығы қамтылған" жүйесі өзгереді. Бұдан былай қонақүйлер төмен, орташа және жоғары деп бөлінетін 3 деңгейлі All inclusive жүйесіне көшеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
TourProm сайтының ақпаратына сәйкес Жерорта теңізі қонақүйлері мен операторлары туристік қауымдастығының президенті Каан Кавалоглу тиісті мәлімдеме жасаған. Айтуынша, 2024 жылы All inclusive жүйесінің шарттары біршама "жеңілдетілуі тиіс".
"Артқа қарай аздап қайта шегінуімізге тура келеді. Біз All inclusive жүйесін жоспарлаған кезде қонақүйлер кірісінің деңгейіне қарай төмен, орташа және жоғары деп қарастырып, осы бағытта жұмыс істегенбіз. Енді біз бұл жүйенің стандартын орнатамыз", - деді ол.
Сарапшы атап өткендей, бұл өзгерістер жақын арада іске қосыла қоймайды. Себебі бұл салада әлі шешімін таппаған мәселелер реттелуі керек. Оның үстіне Түркияны "нысандарының инновациясы есебінен" басып озған Испания тәрізді бәсекелес мемлекеттер кез келген уақытта жолын кесуі мүмкін.
Сонымен қатар Кавалоглу қонақүй иелеріне реалист болуға және 2024 жылдың туристік маусымына тым көп сенім артпауға шақырды.
"Біз жаңа маусымда баға саясатымызды және сервисіміздегі артықшылықтарымызды жоғалтып алмай, нық қадамдар жасауымыз керек", - деп атап өтті ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!