Түркия 1 қаңтардан бастап туристер үшін жаңа салық енгізеді

© pixabay.com

Түркияда елдегі демалушы туристердің тұруына жаңа салық енгізетіні айтылды. Жергілікті NTV телеарнасы салық мөлшері екі пайыз болатынын хабарлады. Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда елдегі демалушы туристердің тұруына жаңа салық енгізетіні айтылды. Жергілікті NTV телеарнасы салық мөлшері екі пайыз болатынын хабарлады. Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Екі пайыздық жаңа салық қонақүйде, курортты ауылдарда, бутик-қонақүйде, мотельде, пансионатта, ауылдарда, таулы аймақтағы үйлерде және кемпингте тұратын туристерден алынады. Сонымен қатар, демалыс кезінде демалыс орындары мен лагерьлерде тоқтаған туристер де салық төлеуі керек болады.

Соған қарамастан жатақханада, хостел мен лагерьде тұратын студенттер бұл салықтан босатылады. Сондай-ақ, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері бұл салықты төлемейді.

Реклама
Реклама

РИА Новости мәліметінше, қазірдің өзінде әртүрлі сайттар мен агрегатор-қосымшаларда туристер түркиялық қонақүйлерді брондау кезінде жаңа салықтың мөлшері көрсетілген.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная