Түрік лоукостері Шымкент-Ыстамбұл рейсін жаңартады

Pegasus Airlines әуекомпаниясы 23 мамырдан бастап Ыстамбұлдан Шымкентке тікелей рейсті жаңартады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Pegasus Airlines мәліметінше, 23 мамырдан бастап апта сайын жексенбіде ұшақ Ыстамбұлдан Шымкентке ұшады, кері бағытқа рейс дүйсенбі шығады.

Шымкент-Ыстамбұл рейсінің бағасы 169 доллардан (шамамен 72 313 теңге), ал Ыстамбұл-Шымкент рейсі 171 доллардан (шамамен 73 169 теңге) басталады. Ең арзан тарифке салмағы бес килограмға дейін және өлшемі 50×40×20 сантиметр болатын қол жүгін тасымалдау кіреді.

Компанияның қазақстандық өкілдігіндегілер тасымалдаушының ақпаратын растады, бірақ ведомствоаралық комиссияның жаңа рұқсат беру қаулысы әлі шыққан жоқ.

Соған қарамастан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Pegasus Airlines компаниясынан Ыстамбұл-Шымкент рейсі қайта басталады ма деген сұраққа мұндай жоспар барын және билеттер сатылыма шыққанын айтты.

Түркияда локдаун: туристерге қай жерге баруға рұқсат етілді

Қазақстандық туристік компаниялардың бірінде тасымалдаушы уәде етілген бағытта кем дегенде бір рейсті сәтті орындағаннан кейін туристерге Pegasus Airlines рейсіне билеттер ұсынылатынын хабарлады.

Айта кетейік, Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатылды. Сол күннен бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.