Түрік курортында қонақүй өртенді: туристер ауруханаға түсті

Түркияның Мармарис курортында 30 бөлмелі қонақүйде өрт болды. Салдарынан он екі турист, оның ішінде екі бала ауруханаға түсті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қонақүй "жарамсыз болып қалды" және өрт қасақана жасалған, - деп хабарлайды Тourprom.ru сайты.

Оқиға кешке қарай болды, өртсөндірушілерді жалынды көрген өтіп бара жатқан адамдар шақырды. Барлығы 30 бөлмелі қонақүйден 12 турист эвакуацияланып, ауруханаға жіберілді, оның ішінде екі бала бар. Туристер негізінен, түтіннен уланған, қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мармарис аудандық Полиция департаментінің мәліметінше, қонақүйді бармен өртеп жіберген. Ол қонақүйдің барын жалға алған. Оның айтуынша, ол қонақүй иесі жалдау ақысын үнемі көтеріп отырғанына қатты ашуланған. Сондай-ақ, айыпталушы "тек орындықтар мен үстелдерді өртегісі келген". Ол қонақүй өртеніп кетеді деп күтпеді және өртке қатты өкінеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!