Туризмді кейінге қалдырылған орасан зор сұраныстар күтіп тұр

Туроператорлар арасында танымал маман Сергей Агафонов осы бір саланың қашан толыққанды жанданатыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тourdom.ru порталы. 

"Туризм әлемдегі кез келген жағдайдан құлдырап тұрғаны анық, бірақ менің ойымша, ол қолайлы жағдай туа салысымен тез қалпына келеді. Туристер арасында саяхаттауға деген құштарлық жоғалған жоқ, керісінше көбейді. Мен наурыз-сәуір айларынан бастап үлкен кейінге қалдырылған сұраныс күтемін", - дейді "Магазин горящих путевок" желісінің басшысы Сергей Агафонов 2021 жылға арналған болжамымен бөлісіп. Оның айтуынша, елдер туризмге шекара ашқанда бәрінің лап қойып, туризм саласы орасан зор сұранысқа ие болады.

23-31 желтоқсан аралығында дауыс бергендердің 23,5 пайызы толығымен оң көзқараста, яғни, олар туризмде бәрі ойдағыдай болады деп сенеді. Пайдаланушылардың тағы 10,7 пайызы тіпті жаңа мүмкіндіктерді байқайтынын, болып жатқан оқиғаларды қызығушылықпен бақылайтындарын білдірген.

Жақсылыққа үміт артып, бірақ әлі де күмәнмен қарайтындар саны көп (37,5 пайыз). Мәселелер сын көтермейді деп санайтындар - 13,3 пайыз. Сонымен қатар, туристік бизнесті тастап кеткендер немесе жұмысқа деген қызығушылықтарын жоғалтқандардың саны төмен деңгейде қалады: бұл нұсқаларды респонденттердің 10,5 және 4,5 пайызы таңдаған.