Туризм үшін қауіпті: жаңа вирус балаларға шабуыл жасай бастады

Коронавирус пандемиясы және әлемнің оқшаулануы жаңа проблемаларға алып келді. Көптеген елде отбасылық туризм үшін үлкен қауіп төндірді. Бірден бірнеше елде балалардың жаппай жаңа инфекцияны жұқтырғаны тіркелді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл - тыныс алу жолдарының ауруын тудыратын респираторлық синцитиальды вирус. Балалардың жаппай жұқтыру жағдайы АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания және Жапонияда тіркелген.

Бұл вирус әлі өлімге әкеп соғады деп танылмайды. Алайда, Цюрихтегі университеттік балалар ауруханасының жұқпалы аурулар және госпитальдық эпидемиология мамандары BBC-ге берген сұхбатында бір жасқа дейінгі балалардың, шамамен, 1-2 пайызы ауруханаға жатқызылып, оттегі маскасын қажет еткен. АҚШ-та "реанимация бөлімшелері шамадан тыс жүктелген, бұл жолы ковидке байланысты емес" деп шағымданады. Алайда, әдетте медициналық көмектен кейін бірнеше күн ішінде қалпына келеді. Көпшілігінде жаңа вирус әдеттегі "суық тию" белгілерін береді.

Сонымен қатар, сарапшылар бұл RSV вирусының күрт өршуін коронавирус пандемиясы, атап айтқанда өзін-өзі оқшаулау салдарымен байланыстырады. Олардың айтуынша, аурудың өршуі, соның ішінде карантин шараларына байланысты - балалар вирусқа қарсы иммунитетті дамытпады. Жаңа вирус салдарынан отбасылар балалармен саяхатқа шығуды тоқтата тұруы мүмкін деген қорқыныш бар. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!