Туристерге ұшақтағы "қорқынышты" орынның артықшылығы айтылды

Әдетте, туристер ұшақтағы ортадағы орынды рейстегі ең нашар деп санайды. Алайда, саяхат сарапшысы Джейкоб Уэддерберн-Дэй The Sun басылымына берген сұхбатында саяхатшыларға күтпеген артықшылықты айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ортадағы "қорқынышты" орынға отырғандар класы жоғары орынға тегін өтуге мүмкіндік алады.

"Егер сіз ұшудан бірнеше сағат бұрын тіркеуді күтудің белгісіздігін ұнатпасаңыз, онда орынды ортадан таңдаңыз", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, маман жалғыз саяхатқа шыққан туристерге ортадағы орындықты таңдауға кеңес береді. Себебі класы жоғары орын босаса, бірінші кезекте ортада отырған жалғыз саяхатшылар отырғызылады.

Жақында жүргізілген зерттеуге сәйкес, егер турист ортадағы орын ұшақтың артқы жағында болса, ұшақ апаты жағдайында бұл орын ең қауіпсіз орын болып таңдалды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!