Туристерге ұлыбританиялық музейде елес аулау ұсынылады

Фото Facebook/Haunted Museum & Spirit Shop Stoke

Ұлыбританияда қорқынышты құбылыстарды тамашалауды ұнататындарға арналған музей ашылады. Мұнда "елес аулауға", рухани сессия өткізуге және крипте түнеуге болады, - деп хабарлайды Kaztengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияда қорқынышты құбылыстарды тамашалауды ұнататындарға арналған музей ашылады. Мұнда "елес аулауға", рухани сессия өткізуге және крипте түнеуге болады, - деп хабарлайды Kaztengritravel.kz тілшісі.

Мистикалық қалалық аңыздар бағытындағы бірегей музей Стаффордшир округінің Сток-он-Трент қаласында тамыздың соңында ашылады деп жоспарланған. Мекеме ұйымдастырушылары 200 жылдық ғимаратты сатып алып, туристерді қызықтыратын орын ашу үшін көптеген жыл бойы әлемнің түкпір-түкпірінен қорқынышты артефактілерді жинады.

Реклама
Реклама

"Мен әрқашан осындай ерекше нәрсені ашқым келетін. Көптеген жыл бойы қолайлы заттарды жинадым. Біз адамдарға эмоция сыйлағымыз келеді және оны қамтамасыз ететін ең заманауи жабдықтарымыз бар. Мұның бәрі бір шатырдың астында. Бес апта бұрын ескі ғимаратты алып, оны қазір көріп отырған музейге айналдыру үшін ұзақ уақыт жұмыс істедік", - дейді идея авторы Крейг Лонгсон.

Автордың айтуынша, 200 жастағы музей ғимаратында бір кездері Хопкинс отбасы өмір сүрген. Отағасы 30 жасында кенеттен қайтыс болған. Жергілікті аңыз бойынша, коронердің есебінде Чарльз Хопкинс "Құдайдың көзқарасынан" қайтыс болады. Сондықтан, толқуды аңсайтын адамдар рухани сессияда үйдің бұрынғы иесінің рухын шақыруға тырысуы мүмкін.

Сегіз адамнан тұратын командаға музейде бір түнеп шығу (экскурсия, спиритикалық тергеу және криптегі ұйқы) 400 фунт стерлинг (234 740 теңге) тұрады. Ал музейдегі қорқынышты құбылыстарды бес сағаттық зерттеу үшін командаға 250 фунт (146 712 теңге) төлеу керек. Күнделікті бір сағаттық экскурсияға бару бес фунт (2 934 теңге) болады.

Музей 28 тамызда ашылатынына қарамастан, кейбіреу әзірдің өзінде бұл жерді сынап көрді.

Сондай-ақ, гидпен экскурсиялар, таро карталарын оқу, криптерде түнеу жоспарланған. Мұнда сирек кездесетін мистикалық кәдесыйлар сатып алуға да болады. Ұйымдастырушылар музейге кіруге тек 18 жастан асқан келушілерге рұқсат етілгенін айтады.

Айта кетейік, музей иелері бұған дейін түрлі топқа қорқынышты квесттер, ойын-сауық, логикалық ойындар ұйымдастырған. Енді рухани музейдің негізін қалаушылар қаланың туристік әлеуетін дамытқысы келеді. Олардың айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінен мистиканы ұнататындар үнемі пошта арқылы жазады және Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Австралиядан топтар келуді жоспарлап отыр.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная