Туристерге Еуропамен "қоштасу" ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©Shutterstock Фото©Shutterstock

Туристер Еуропадағы Рождество мерекелері туралы ұмытып кетуі мүмкін: ЕО-дағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Туристер Еуропадағы Рождество мерекелері туралы ұмытып кетуі мүмкін: ЕО-дағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі еуропалық орталық (ECDC) саяхатшыларға туристік, Рождество мен жаңа жылға дейінгі сапарлардан, соның ішінде жаңажылдық демалыстардан бас тартуды ұсынды. Осылайша, туристерден Еуропамен кем дегенде 2022 жылға дейін қоштасуды сұрайды.

ЕО Денсаулық сақтау агенттігінің "ковид карталарын" соңғы нәтижесінде Еуропалық Одақтың көптеген елі – атап айтқанда Австрия, Бельгия, Чехия, Болгария, Хорватия, Эстония, Ирландия, Нидерланды, Латвия, Литва, Румыния, Венгрия, Словения және Словакия коронавирус жағдайлардың өсуін көрсетеді және жоғары қауіпті "қара қызыл елдер" ретінде жіктеледі. Яғни, осы елдерде соңғы екі аптада 100 000 тұрғынға шаққанда 500-ден астам инфекция тіркелді, ал оң тест нәтижелері төрт пайыздан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, қазір COVID-19 қатты әсер еткен деп жіктелген барлық елдің ішінде Нидерланды, Чехия және Румынияда инфекцияның ең жоғары деңгейі тіркелді. Соңғы 24 сағат ішінде Нидерландыда 11 352 жағдай, Чехияда 14 539 адам, Румынияда 7 589 жағдай тіркелді.

Нәтижесінде, ЕО Денсаулық сақтау агенттігі барлық ықтимал туриске, әсіресе вакцина салдырмаған туристерге "үйде қалуға" кеңес береді. Сонымен қатар, Рождество маусымына бір айдан аса уақыт қалды және осы уақыт ішінде жағдай түбегейлі өзгеруі екіталай.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная