Туристер Венецияға баруды 1 шілдеден бастап брондай алады

© pixabay

Венецияға бару үшін 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап арнайы сайтта немесе мобильді қосымшада алдын ала тіркелу қажет. Содан кейін турист QR-код алады. Әзірге бұл шара тәжірибелік сипатта болады, бірақ қаңтардан бастап брондау міндеттеледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Венецияға бару үшін 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап арнайы сайтта немесе мобильді қосымшада алдын ала тіркелу қажет. Содан кейін турист QR-код алады. Әзірге бұл шара тәжірибелік сипатта болады, бірақ қаңтардан бастап брондау міндеттеледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешімнің ықтимал себебі осы жылдың Пасха демалыс күндерінде келген туристер ағыны болуы мүмкін. Қалаға 500 мыңға жуық адам келді. Сондықтан билік 2019 жылы айтылған қалаға реттеу және ақылы өту идеясына қайта оралды.

Жобаны іске асыру үшін барлық инфрақұрылым дайындалған.

Реклама
Реклама

2023 жылғы қаңтардың ортасынан бастап Венецияға алдын ала брондау, сондай-ақ "кіріс салығын" төлеу міндетті болады. Маусым мен аптаның күніне байланысты бір адамға 3-тен 10 еуроға дейін төлеуге тура келеді. Демалыс және арнайы іс-шаралар күндері, туристер саны 40 мың адамнан асқан кезде, кіру билеті кем дегенде 10 еуро тұрады.

"Венеция муниципалитеті 2022 жылдың қарашасына дейін алдағы төлемдердің егжей-тегжей саралануын ұсынуға уәде берді. Жергілікті тұрғындар мен қалада жұмыс істейтіндер, сондай-ақ Венецияда қонақүйде түнейтін туристер салық төлеуден босатылады. Тиісінше, шара ең алдымен Италияға қонақүйлерден тыс жерде тұратын шетелдіктерге қатысты болады", - делінген хабарламада.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная