Саяхат - бұл демалыс қана емес, сонымен қатар жаңа мәдениет пен халықтың өмірін ішкі жағынан білудің тәсілі. Жаңа елдегі мүлдем басқа өмір салтының кейбір фактілері шынымен, таңғалдыруы мүмкін. Kaz.tengritravel.kz тілшісі саяхат кезінде туристерді таңғалдырған қызықты сәттер туралы әңгімелейді.
BoredPanda.com ойын-сауық сайты оқырмандарынан басқа елге барған кездегі мәдени әсерін бөлісуді сұрады. Біз олардың ішіндегі ең жағымды және қызықтысын таңдадық.
Жапонияның ең таза көшелері
"Мен неміспін және Швейцарияның француз тілді бөлігінде тұрамын. Екі ел де әдетте өте таза деп саналады, бірақ мен жапон көшелерінің тазалығына таңғалдым. Олар өте таза, теміржол вокзалдарында/метрода және қонақүйде қоқыс жәшіктері жоқ. Барлығы өз қоқыстарын өздерімен бірге алып жүреді. Бірде Удзи қаласында ақ түсті киінген жұмысшылар қызмет ететін үш кішкентай жүк көліктерінің қасынан өттім. Ол қоқысты шусыз, иіссіз, жан-жағын бүлдірмей шығарады.
Франкфуртқа қонғаннан кейін бірінші байқағаным - әр бес метр сайын жаяу жүргіншілер жолының ортасындағы қоқыс жәшіктері. Көрнекті жерде қойылған барлық қоқысты қарау біртүрлі болды", - дейді турист.
Әдемі Доминика
"Мен Доминикаға барғанда (Доминикан Республикасында емес) мәдени шок болды. Гаитиден кейінгі екінші кедей ел болғанына қарамастан, табиғаттың сұлулығы таңғалдарды. Барлық жерде ағаштағы жемістер. Мен келген күн кір жуу күні болды, сондықтан өзендер мен бұлақтарда адамдар кір жуып, киімдерін тастарға іліп қойды. Адамдар әдемі, мейірімді, жомарт жүрегі бар. Бұл жерге ғашық болып, 15 рет оралдым. Тауларды, джунгли мен жанартауларды сипаттау мүмкін емес. Доминикамен салыстырғанда, тіпті біздің Гавайи тегіс қоңыр шөлге ұқсайды", - деп таңғалды саяхатшы.
Мексикадағы арзан тамақ
"Мен Мексикаға бардым, туристік аймақтан шыққаннан кейін бәрінің бағасы төмендеді. Әкем екеуміз екі адамға 3,5 долларға тако мен сусындар сатып алдық. Жасөспірім үшін бұл жұмақ болды",- деп бөліседі оқырман.
@Pexels
АҚШ - үлкен ел
"АҚШ-та бәрі үлкен. Сіз Техастың бір шетінен тоғыз сағат жүресіз және әлі де Техаста тұрасыз. Осы уақыт ішінде Еуропада қанша ел жүре алатын едім? Мұнда бәрі үлкен: тамақ, ғимараттар, жолдар, тіпті табиғи нысандар", - деп жазады комментатор.
Әнші Үндістан
"Мен 1990 жылдары Үндістанда екі рет болдым. АҚШ-қа оралғанда, адамдардың ән айтқан дауысын сағындым. Көшедегі тамақтың, дәмдеуіштердің иісін сағындым. Маған адамдардың бір-біріне деген ашықтығы жетіспеді. Киім мен әшекейлердегі жарқын түстерді сағындым", - дейді турист.
@pexels
"Үш айға Үндістанның бір ауылына бардым. Тұрғындар ақ нәсілді адамды көргенде таңғалады. Олар мені ұстап көріп, сөйлескісі келді. Шетелдік болу өте таңғаларлық болды. Мен көп нәрсені түсіндім", - деп жазады тағы бір саяхатшы.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!