Туристер үшін халықаралық цифрлық денсаулық құжатын жасау ұсынылды

Коронавирус дәуірінде саяхаттауға жағдай жасау үшін ұшаққа отырар алдында, соңғы 48 немесе 72 сағат ішінде коронавирусқа тапсырылған тесттің теріс нәтижесі сияқты ақпараттарды қамтитын халықаралық цифрлық денсаулық құжатын жасап шығару қажет. Осындай ұсынысты Гонконг Атқарушы кеңесінің мүшесі, саясаткер Бернард Чан South China Morning Post беттерінде жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус дәуірінде саяхаттауға жағдай жасау үшін ұшаққа отырар алдында, соңғы 48 немесе 72 сағат ішінде коронавирусқа тапсырылған тесттің теріс нәтижесі сияқты ақпараттарды қамтитын халықаралық цифрлық денсаулық құжатын жасап шығару қажет. Осындай ұсынысты Гонконг Атқарушы кеңесінің мүшесі, саясаткер Бернард Чан South China Morning Post беттерінде жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Әуежайға келетін немесе одан шығатын немесе құрлық шекарасын кесіп өтетін саяхатшыларға кеденнен өту үшін цифрлық денсаулық құжатын көрсетсе болғаны. Сонда саяхатшыларға өздерімен бірге бірнеше қағаз анықтама тасып жүрудің қажеті жоқ.

Реклама
Реклама

Чан АҚШ-тың Гонконгты "ең қауіпті" елдер (ол тізімде Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Непал, Пәкістан, Филиппин және Оңтүстік Африка елдері бар) тізіміне енгізгеннен кейін үлкен қиындықтар туындағанын еске түсіреді. Бюрократиялық дүрбелең басталып, АҚШ-тағы Гонконг тұрғындары 72 сағат ішінде тестілерді қалай тапсырамыз деп алаңдады, өйткені АҚШ-та зертханалық формаларда Қытай паспортының нөмірін көрсететін орын жоқ болып шықты.

Заң бойынша Гонконгқа сапар шегетін әрбір саяхатшының техникалық құжаттарын тексеру кезінде жаңа талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге міндетті әуежай қызметкерлері жолаушыларға қызмет көрсетуден бас тартады. Бір жолаушы оның Нью-Йорктегі JFK әуежайынан рейске тек 10 адам ғана рұқсат ала алғанын, ал 30-дан аса жолаушыға тексеру жолағына өтуге тыйым салынғанын айтып шағымданған.

"Гонконгтегі денсаулық сақтау саласының қызметкеріне ақылға қонымды болып көрінетін талаптар мен дәлелдер тізімі, мысалы, құжатқа тіркелген мемлекеттік сертификаттау немесе коронавирус сынағын анықтаудағы "нуклеин қышқылы" деген сөздер басқа елде мүлдем түсініксіз болуы мүмкін, тіпті жіберілмеуі де мүмкін.

Біз әуежайларда және шекара бақылау пункттерінде жолаушыларды тексеруді барынша жеңілдетуіміз керек, сондықтан саяхатшылар әуежайдың тіркеу бекетіне бірнеше құжаттарын көтеріп жүрмейді және авиакомпания қызметкерлері оларды тексеруге қыруар уақыт жоғалтпайды. Былайша айтқанда, бізге бірыңғай цифрлық "денсаулық декларациясы" өте қажет", - дейді Бернард Чан.

Ол "денсаулық декларациясы" иммиграциялық декларациямен тығыз байланысты болып, онымен қатар жүруін ұсынады, бұл көптеген елдер жолаушыларға отырғызу алдында электронды түрде тапсыруды талап ететін құжаттар қатарынан болмақ.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная