Туристер үшін Еуропадағы үздік қалалар аталды

Лондон, Париж және Амстердам еуропаның үздік қалаларын рейтингінде көш бастады. Ондағы басты талап туризмге және ұзақ мерзімге тұруға ыңғайлы болуы керек. Resonance Consultancy консалтинг компаниясы кәрі құрлықтың 100 мегаполисін саралап, орындар үлестірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Time Out мәліметінше, рейтингке сенуге болады, өйткені оны құрастырушылар беделді тұлғалар.

"Resonance Consultancy фирмасы WorldsBestCities.com рейтингін ұйымдастырды, онда 2023 жылдың Еуропадағы үздік 100 қаласының рейтингі көрсетілген. Рейтингті құрастыру кезінде көптеген факторлар ескерілген, оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, көрнекі орындар, әралуандық, әсер алу көрсеткіші, жұмыспен қамтылу деңгейі және Instagram желісіндегі хештегтер", - деп жазады дереккөз.

Еуропалық үздік он қаланың тізімі мынадай:

  1. Лондон, Ұлыбритания
  2. Париж, Франция
  3. Амстердам, Нидерланды
  4. Барселона, Испания
  5. Цюрих, Швейцария
  6. Мадрид, Испания
  7. Берлин, Германия
  8. Рим, Италия
  9. Базель, Швейцария
  10. Женева, Швейцария

Қорытынды тізімде Ұлыбритания көш бастады - рейтингке тұманды альбионның 15 қаласы енген, одан кейін Германия орналасты (14 қала), Франция (13), Италия (8) және Испания (7). Егер осы тізімнен ең мықты елді анықтайтын болсақ, онда бұл Швейцария болады: рейтингтің ондығына үш қаласы енген.

Қазақстандықтардың сүйікті әрі жиі баратын қаласы Ыстамбұл рейтингте 19-орында тұр. Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!