Туристер үшін ең қауіпті елдер тізімі жасалды - карта

Қазіргі таңда елдер арасында байланыс күшейіп, халықтар арасында достастық артқанымен турист ретінде баруға болайтын немесе бармаған абзал елдер әлі деп көп, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы есебі саяхатшылардың әлем елдеріндегі қазіргі таңдағы қауіпсіздігін және 2023 жылға болжамдарын есепке алады екен. Міне осы критерий бойынша әлем елдері бес аймаққа бөлінді: келушілерге қауіптілігі төмен, ұстамды, орташа, жоғары және экстремал. Әлбетте бұл көрсеткіш бойынша әр ел Global Guardian картасында сәйкес түске боялды: жасылдан (қауіпсіз) қою қызылға дейін (аса қауіпті). Екінші топта соғыс немесе азаматтық қақтығыстар жүріп жатқан елдер.

Реклама
Реклама

Қызыл аймаққа Ботсваннадан басқа Африка елдерінің барлығы дерлік кіріпті, ал төрт ел (Ливия, Сомали, ОАР және Буркина-Фасо) экстремал қаупі бар елдер тізімінде.

Американың екі құрлығында да ондай ел жоқ екен: Венесуэла мен Мексика салыстырмалы түрде қауіпті.

Азияда туристер үшін аса қауіпті ол Афганистан, ал Еуропада - Украина ғана болып тұр. Ресей қауіптілігі орташа ел қатарында.

globalguardian.com сайтынан скриншот

Сарапшылар есебінде қарулы қақтығыс аумақтары бөлек көрсетілген, ондай жерлерге турситерге мүлде бармау керек. Ондай елдер саны бүгінде жиырмадан асып жығылады. Әлемдегі қақтығыс өршіп тұрған жер Донбасс: бұл жердегі жағдайдың ауырлығы бес балды көрсеткіш бойынша төрт көрсетіп тұр. Ал міне-міне қақтығыс шығып кетуі мүмкін орын Тайвань бұғазы, бұл жерде кез келген уақытта қарулы қимылдар басталып кетуі ықтимал екен.

Бір қызығы, "қою сары" (туристер үшін айтарлықтай қауіпті) аймақтарға ТМД елдерінің азаматтары дәстүрлі түрде барып демалатын елдер кірген екен. Олар Түркия, Мысыр және Таиланд. Алайда мұндағы қауіп соғыс немесе тәртіпсіздікпен байланысты емес, көшедегі қылмысқа қатысты болып отыр. Латын Америка елдерінің көбінде де солай, мәселен, Мексика. Мұнда билік емес, наркокартелдер қақтығыснан жергілікті тұрғындар ғана емес, турситер де зардап шегуі мүмкін.

globalguardian.com сайтынан скриншот

Ал енді қауіпсіз аймақтар туралы айтсақ, ондай жерлер аса көп емес екен. Жасыл аумақта Канада, Жапония, Жаңа Зеландия және еуропалық он шақты ел бар, Германия мен Польша мәселен. Мұнда жағдай тұрақты есептеледі, сондықтан турситер үшін қауіпсіздік жағынан ең қолайлы болып отыр.

globalguardian.com сайтынан скриншот