Туристер үшін ең қауіпті елдер анықталды

International SOS компаниясы 2022 жылы туристер үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдерді болжады, - деп  хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг жасау кезінде елдер төмен тәуекелден экстремалды тәуекелге дейін бағаланады. Бұл ретте ескерілетін қауіп-қатерлерге саяси зорлық-зомбылық, әлеуметтік толқулар, денсаулық сақтау жағдайы мен пандемияның салдары, сондай-ақ ұсақ қылмыс жағдайы жатады. Сонымен қатар, соңғы жылдары жыл сайынғы қауіп-қатерді бағалау "пандемия" қаупін ғана емес, сондай-ақ шектеулерге байланысты сапарлардағы сәтсіздіктері мен психикалық денсаулығын да қамтиды.

"Экстремал қауіпті" елдердің тізімін Ауғанстан бастады. Онда "мемлекеттік бақылау мен құқықтық тәртіптің деңгейі төмен", ал денсаулық сақтау "іс жүзінде жоқ" деуге болады. Сондай-ақ, "экстремалдардың" бестігінде Сирия, Ливия, Орталық Африка Республикасы және Ирак бар.

Қарама-қарсы рейтингті Еуропа, дәлірек айтқанда Скандинавия елдері иемденді. Олардың ішіндегі ең қауіпсізі Норвегия деп аталды, содан кейін Финляндия, Швейцария, Дания және Люксембург тұр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!