Туристер үшін әлемдегі ең жақсы көрнекі орындар айтылды

Бағаларды салыстыратын британиялық Comparethemarket қызметінің сарапшылары әлемдегі ең жақсы туристік көрнекі орындар рейтингін жасады, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Оның қорытындысы ұйымның сайтында жарияланған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бағаларды салыстыратын британиялық Comparethemarket қызметінің сарапшылары әлемдегі ең жақсы туристік көрнекі орындар рейтингін жасады, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Оның қорытындысы ұйымның сайтында жарияланған.

Сарапшылар саяхатшылар Google-дан ең жиі іздеген және Instagram желісінде жиі жариялаған туристік нысандарды саралаған.

Осылайша, 2023 жылы туристер арасында ең танымалы БАӘ-дегі Бурдж-Халифа мұнарасы болып шықты. Дубайдағы ғимаратты Google-дан айына орташа 2,2 миллион рет іздеген, Instagram желісінде #burjkhalifa хештегімен 6,1 миллион фото жарияланған екен. Екінші және үшінші орында Париждегі Эйфел мұнарасы мен Нью-Йорктегі Таймс-Сквер болып тұр. Әрі қарай АҚШ-тағы Ниагара сарқырамасы мен Үндістанның Агра қаласындағы Тәдж-Махал мұражай-мешіті.

Реклама
Реклама

Топ-10 тізімге АҚШ-тағы Гранд-Каньон, Перудегі инктер қаласы Мачу-Пикчу, Париждегі Құдай ана соборы, Вашингтондағы ақ үй мен Барселонадағы Қасиетті отбасы храмы кірген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная