© pixabay © pixabay

Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты


Таиландтың Паттайя қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған танымал көшеде шетелдіктер төбелесіп, артынша пышақтасуға дейін барған. Туристердің қай елден келгені айтылмаған, - деп хабарлайды The Thaiger

Басылым мәліметінше, Паттайяның Уокинг-стрит көшесі - көптеген көңіл көтеру орталықтарының және түнгі жанжалдар мекеніне айналған. 19 маусымда екі турист сол көшемен келе жатып, біреулермен ерегісіп, төбелесе кеткен. Соның салдарынан саяхатшылардың бірі пышақталған. Куәгердің айтуынша, шабуылдаған адам оқиға орнынан қашып кеткен. 

Ер адам көп қан жоғалтқан, алайда ол ауруханаға барудан бас тартқан. Сондай-ақ, ол полицияға арыз беруден де, журналистермен кездесуден де бас тартқан. Соған қарамастан полиция осы оқиғаға назар аударып, сол көшедегі көңіл көтеру орталықтарын жапқызған. Олар барлық камераларды тексеріп, тергеуді жалғастырады.

Құқық қорғау органдары сол маңдағы кафелер мен түнгі клубтардың жұмысын тек 00:00-ге дейін қысқаратынын ескерткен. Басты себеп түнгі жанжалдарды тыю. 1 шілдеден бастап комендаттық сағат 02:00-ден басталады деген қаулы күшіне енеді. 





Осыған ұқсас мақалалар

Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды
Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді
Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді